Өскемен тұрғыны Петропавлды «жармақ» болды

бомба қою
Фото: Виктор Федюнин / "ҚазАқпарат" ХАА

Петропавлды «жарамын» деп «SOS» батырмасы арқылы полицияға хабарласқан ер адам ұсталды. Күдікті –Өскемен тұрғыны бұған дейін де бірнеше рет сотты болған, деп хабарлайды Kazinform.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні түскі уақытта біреу полицияға хабарласып, Петропавл қаласын жарып жіберетінін айтқан. Белгісіз адамның Қазақстан Конституциясы мен Казахстанская правда көшесінің қиылысында орналасқан «SOS» батырмасын пайдаланғаны белгілі болды. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жетіп, телефон шалған күдіктіні ұстады. Ол Өскемен қаласының 44 жастағы тұрғыны екен. Бұған дейін ол бірнеше рет сотталған.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның мас екендігі анықталды. Айтуынша, мұндай қадамға баруына жеке басындағы қиындықтар себеп болған.

Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Полицейлердің айтуынша, лаңкестік актісі туралы жалған хабарламалар құқық қорғау және арнайы органдардың жұмысын тежейді, хабарламаны тексеруге айтарлықтай күш жұмсалады. Қылмыстың бұл түріне 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1 АЕК – 3450 теңге) айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар