Өскемен тұрғынын жылан шағып алды

жылан
Фото: Pexels

Өскемен қаласының тұрғынын жылан шағып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күленов кентіндегі өзен жағасында әйел адамды жылан шағып алған.

Күйеуі оны бірден ауруханаға жеткізді. 

«Науқасқа алғашқы медициналық көмек толыққанды көрсетілді. Жағдайы жақсарған ол ауруханаға жатудан бас тартты», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, жыл басынан бері қала бойынша жылан шыққан 6 адам ауруханаға жеткізілген.

Абырой болғанда, барлығына дер кезінде медициналық көмек көрсетілген.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының арасында бруцеллез жұқтырғандар саны артқанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram