Өскемен тұрғындары автобус пен трамвай қозғалысына мобильдік қосымша арқылы шағымдана алады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғындары автобус пен трамвай қозғалысына мобильдік қосымша арқылы шағымдана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, азаматтар автобус пен трамвай қозғалысына «Oskemenbus» мобильдік қосымшасы арқылы шағымдана алады.
«Қазір жаңартылған бұл қосымшада қателер түзеліп, дерекқордан ақпаратты жүктеу оңтайландырылды. Қоғамдық көлік дұрыс жүрмей жатса немесе басқа да кемшіліктер байқалса, ешқайда бармай-ақ қосымша арқылы арыз-шағым, ұсыныс қалдыруға болады», - дейді орталық директоры Нұрсұлтан Кәрібеков.
Оның айтуынша, әр шағым бойынша тиісті тексеру жүргізіліп, тиісті шара қабылданады.