Өскемен тұрғындары «жарылыс» туралы ескертілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Өскемен қаласында жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен тұрғындары «жарылыс» туралы ескертілді

«УК Трансвзрывпром» ЖШС 29 маусым күні сағат 11:00-18:00 аралығында арматура зауыты ауданында жарылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

«Арматура зауытындағы құм қоймасын, бұрынғы болат құю цехын құлату мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізіледі», – деп мәлім етті облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы.