Өскемен тұрғыны бәс тігем деп, алаяқтарға жем болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны спорт сайыстарының нәтижесін болжайтын «сарапшыларға» 145 мың теңге аударып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен тұрғыны бәс тігем деп, алаяқтарға жем болды

Келіншек ғаламторда алда болатын спорт сайыстарының нәтижесін дәл болжайтын сарапшылар туралы жалған жарнамаға тап болады. Оңай жолмен үлкен табысқа жетуді ойлаған ол белгісіз есепшотқа 145 мың теңге аударған. Алайда, ақша түскенімен, уәде етілген болжамдар келмеген. Қазір осы іс бойынша алаяқтық бабымен жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.

«Интернет арқылы қандай да бір келісім жасамас бұрын, тыңғылықты ойланған жөн. Анонимді төлем жүйелері арқылы аударылған ақшаның қайтарылуына ешкім кепілдік бере алмайды» - делінген облыстық ішкі істер департаменті таратқан мәліметте.