Өскемен тұрғыны итінің үйшігінде марихуана сақтаған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны ит үйшігінде есірткі сақтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен тұрғыны итінің үйшігінде марихуана сақтаған

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Қарасора-2022» жедел-алдын алу шарасы барысында есірткі сақтаған 46 жастағы ер адам ұсталды.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ұлттық ұланы арнайы бөлімшесімен бірлесіп, Серікбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйге тінту жүргізді. Сол кезде қораның ішіндегі ит үйшігінен жасыл түсті өсімдік зат салынған екі полимерлі түйіншек табылды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 36,97 грамды құрайтын кептірілген марихуана екені белгілі болды», - делінген ақпаратта.

Ер адамның есірткіні одан әрі сату мақсатында сақтағаны анықталып отыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.