Өскемен тұрғынының гаражынан 128 келіден астам марихуана табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласы тұрғынының гаражынан 128 келіден астам марихуана табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында аса ірі мөлшерде есірткі саудасының жолын кесті.

«Қаладағы гараж кооперативтерінің бірінде 32 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзіне тиесілі гаражда 128 келіден астам марихуананы сату мақсатында сақтаған. Полицейлер 64 мың бірреттік дозаға тең есірткіні тәркіледі», - делінген ақпаратта.


Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар
Референдум