Өскемен жолдарындағы бейнебақылау камералары қайта іске қосылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында біраз уақыттан бері жұмыс істемей тұрған бейнебақылау камералары қайта іске қосылды.

 видеонаблюдение бейнебақылау
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Қала бойынша 2018 жылы «Сергек» камераларын орнатқан «Көркем Телеком» ЖШС-мен облыс әкімдігі арасындағы келісімшарт осы жылдың шілде айында тоқтады. Себебі тендерді «Satory Company LTD» компаниясы ұтып алған. Сол уақыттан бері бейнебақылау камералары арқылы айыппұл салу тоқтатылды.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Бейнебақылау жүйесін жаңғырту және кеңейту» жобасын іске асыратын «Satory Company Ltd» ЖШС компаниясымен бірлесіп, Өскемен қаласында бейнебақылау жабдықтарының қосылғанын және құқық бұзушылықтардың тіркелетіндігі туралы хабарлады.

«Жоба аясында бұрын орнатылған жабдықтар, жаңа бейнебақылау камералары мен жол ережесі бұзушылықтарын тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендер іске қосылды. Осыған байланысты қала тұрғындарына әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауды сұраймыз», - деп хабарлады басқармадан.

Соңғы жаңалықтар