Өскемен жүргізушілеріне «Сергек» арқылы 130 млн теңге айыппұл салынған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өткен жылы «Сергек» камераларының арқасында 130 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен жүргізушілеріне «Сергек» арқылы 130 млн теңге айыппұл салынған

ШҚО полиция департаменті «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің Өскемендегі 2022 жылғы жұмысының қорытындысымен бөлісті.

«Бір жылдың ішінде қала бойынша 151 323 әкімшілік құқық бұзушылық автоматты түрде тіркелген. Оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері – 135 986. Соның нәтижесінде 130 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар аталған кешен камераларының арқасында із-түзсіз жоғалып кеткен 8 адам табылған.

Ведомство дерегінше, 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысының тағы екі қаласында «Сергек» камералары орнатылады. Ол – Риддер мен Алтай қалалары.