Өскемен-Зырян жолында жасанды қар көшкіні жүргізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазселденқорғау» ММ мамандары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен -Зырян» автожолында 4 рет қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын жүргізді.
«Нәтижесінде 56 200 текше метр қар массасы түсті», деп хабарлайды «Қазселденқорғау» ММ.
Қар автожолды толығымен жауып қалды. Оны тазартуға «Қазақавтожолдың» 3 қар тазалағыш техникасы жұмылдырылды. Профилактикалық жарылыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта аталған аймақтағы автожол жабық.
Жалпы жұмысқа 27 адам және 9 техника тартылды. Атап айтқанда «Қазселденқорғау» ММ, «ШААЖҚТ» ММ, «Востоквзрывпром» ЖШС, ІІД әкімшілік полиция басқармасы, Апаттық медицина, ШҚО ТЖД, «Қазақавтожол» қызметкерлері атсалысты.