Өскемен -Зырян жолындағы шатқалдар қардан тазартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 наурызда мамандар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен -Зырян» автожолында 3 қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 8900 текше метр қар массасы түсті, деп хабарлайды «Қазселденқорғау » ММ.
«Қар автожолды толығымен жауып қалды. «Қазақавтожолдың» 3 қар тазалаушы техникасы жұмыс істеді. Профилактикалық жарылыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта аталған аймақтағы автожол қауіпсіз», - делінген хабарламада.
Жалпы осы жұмысқа 29 адам және 10 техника жұмылдырылды. Атап айтқанда: «Қазселденқорғау» ММ, «ШААЖҚТ» ММ, «Шығысжаруөнеркәсіп» ЖШС, ІІД әкімшілік полиция басқармасы, Апаттық медицина, ШҚО ТЖД, «Қазақавтожол».