Өскеменде 15 мыңға жуық абонент жарық пен ауыз сусыз қалды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өскеменде 15 мыңға жуық абонент электр жарығы мен суық сусыз қалды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Бүгін түнде Өскеменде Теміржол көшесіндесі №22-ші трансформаторлық кіші стансыда электр сымының қысқа тұйықталуы болып, оның арты өртке ұласты.
Шашамен 15 мыңға жуық абонент электр жарығы мн суық сусыз қалды. Өрттің шарпыған аумағы анықталуда. ВК РЭК-тің апаттық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Өртті ауыздықтаумен ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 19 адамы мен 7 техникасы айналысуда.