Өскеменде 18 жастағы жігіттен оқ-дәрі тәркіленді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 18 жастағы жігіттен оқ тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде 18 жастағы жігіттен оқ-дәрі тәркіленді

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын ала шарасын жүргізу барысында 18 жастағы жігітті тоқтатқан.

«Тексеру барысында оның сөмкесінен Макаров тапаншасының 5 оғы табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін Семей қаласында 17 жастағы жасөспірімнен оқ тәркіленген болатын. Ол 5,45 және 7,62 калибрлі 2 оқты қалтасына салып жүрген.