Өскеменде 2 мыңға жуық электрондық темекі тәркіленді

Өскеменде құрамында никотин бар электрондық темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

вейп
Фото: ҚМА

Өткізілген іс-шаралардың нәтижеcі бойынша 8,5 млн теңге тұратын 2000-ға жуық құрылғы тәркіленді.

Осы құқық бұзушылықты жасағандарға ҚР ӘҚБК бойынша акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін.

Материалдар сотқа жіберілді.

Темекі өнімдері мен бір реттік электрондық темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасуда.

Дәрігерлердің зерттеулеріне сәйкес, вэйптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді.