Өскеменде 4-қабаттан құлаған жасөспірім суицид жасамақ болған

ҚР Президентінің Іс Басқармасы
Фото: ҚР Президентінің Іс-Басқармасы

Өскемен қаласында 4-қабаттың терезесінен құлаған оқушы қыз суицид жасамақ болған, деп хабарлайды Kazinform.

Еске салсақ, кеше Назарбаев даңғылында төртінші қабаттағы терезеден құлаған 14 жастағы жасөспірімді жедел жәрдем қызметкерлері Ана мен бала орталығына жеткізгені хабарланған. Баланың бас сүйегі жараланып, жіліншігі сынып кеткен. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу басталды.

- Үлбі полиция бөлімі кәмелетке толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ болу әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне сәйкес үшін жарияланбайды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, науқас қазір Өскемендегі Ана мен бала орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Соңғы жаңалықтар