Өскеменде 600 орындық жатақхана салынады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Соңғы төрт жылда мемлекеттің «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстік облыстардан шығысқа келіп білім алып жатқан студенттердің саны күрт артты, деп хабарлайды «Хабар 24».
None
None

Сондықтан алдағы бірнеше жылда олар үшін өңірде 11 жатақхана салынады. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті алдағы жылы 600 орындық жатақхананың құрылысын бастамақ. Қазір бұл оқу орнында 5 мыңға жуық жас оқып жатса, олардың 1700-ден астамы жатақханада тұрады. Жыл санап студенттердің де саны артып келеді. Жаңадан бой көтеретін жатақхананың жобасы мен техникалық негіздемесі жасалып, инфрақұрылым да тартылып қойған. Қазір университет басшылығы студенттер үйін салатын инвестор іздеп жатыр. Ал ғимарат мемлекеттік және жекеменшік негізде бой көтереді.

«Өзіміздің университеттегі кәсіби бағдар жұмысын Елбасының тапсырмасына сәйкес қарқынды жүзеге асырып жатырмыз. Шетелдерге кету жағдайы азайып келе жатыр. Сондықтан да барлық студенттер Өскемен қаласында қалғысы келеді. Ал оларды біз жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 600 орындық жатақхана салуды көздеп отырмыз. Ол үшін арнайы техникалық шарттардың бәрі жасалды. Барлығы да дайын. Қазіргі таңда құрылысшы фирмалармен жұмыс жасап жатырмыз»,- С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры - Мұхтар Төлеген.

Соңғы жаңалықтар