15:41, 09 Қаңтар 2018 | GMT +6
Өскеменде 7-қабаттан ер адам құлап кетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Карл Маркс көшесіндегі үйдің жетінші қабатындағы пәтердің терезесінен ер адам құлап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, пәтердің 44 жастағы иесі жөндеу жұмыстары кезінде терезеден құлап кеткен.
«Ер адам алған жарақаты салдарынан мерт болды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды»,- делінген баспасөз хабарламасында.