Өскеменде 8000 адам үйден дауыс береді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 8000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі өскемендік бүгін үйде дауыс береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде 8000 адам үйден дауыс береді

Өскемен аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Фархад Құрмановтың айтуынша, қала тұрғындарының алды сағат 07:00-де дауыс беру учаскелеріне келіп алған.

«Өскемен қаласындағы 120 сайлау учаскесіне 244 667 сайлаушы тіркелген. 8000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бүгін үйде дауыс беру мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі уақытта қалада Қазақстанның 112 тәуелсіз байқаушысы, ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да ұйымдардың халықаралық байқаушылары жұмыс істеп жатыр», - дейді Фархат Құрманов.

Шығыс Қазақстан облысының орталығындағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істемек.