Өскеменде алаяқ әйел жергілікті тұрғынның есеп-шотынан 4 млн теңге шешіп алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаныболып, салдарынан ірі сомадағы ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскеменде алаяқ әйел жергілікті тұрғынның есеп-шотынан 4 млн теңге шешіп алды

ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасы Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 9 шілдеде зардап шеккен азаматқа белгісіз бойжеткен телефон шалып, өзін банк кеңесшісі ретінде таныстырғанын, оның шотынан белгісіз біреулердің 2 млн теңге көлемінде ақша шешуге әрекеттеніп отырғанын айтты.

Ер адамның сеніміне кіріп алған ол оның пин-кодын біліп алып, банк шотынан 4 млн теңгеге жуық ақшасын шешіп алды. Бұл факт Сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жыл басынан бері ШҚО аумағында алаяқтықтың 45-тен астам фактісі тіркелді, деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.