Өскеменде алғаш рет маммология орталығы ашылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында алғаш рет маммология орталығы ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірде онкологиялық ауруларды ерте анықтау деңгейі 57 пайызды құрайды. Бұл республикалық көрсеткіштен екі пайызға жоғары.

«Скринингтер мен ерте диагностикалау қатерлі ісікті алғашқы сатыда анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өлім-жітім мен қатерлі ісік ауруларына шалдыққандар санын айтарлықтай азайтады. Мұндай нәтижелерге облыстық онкологиялық орталықтың заманауи жабдықталуының және дәрігерлердің, әсіресе жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету тәсілдерін меңгерген хирургтардың біліктілігін үнемі арттырып отырудың арқасында қол жеткіздік», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Қазір орталық дәрігерлері Германия мен Израиль елдеріндегі клиникаларда гамма-пышақпен жұмыс істеуді үйреніп жатыр. Осы жылдың соңына қарай Шығыс Қазақстанда онкологиядағы жоғары технологиялық медициналық көмектің сегіз түрі қолданыла бастайды.

«Сонымен қатар Өскеменде алғаш рет маммология орталығы ашылады. Қазір қажетті жабдықтар сатып алынуда. Жаңа маммографтар Риддер, Глубокое және Катонқарағай аудандарындағы медициналық мекемелерге де жеткізіледі», - деді аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар