Өскеменде алып бала дүниеге келді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында салмағы 5 келіден асқан ұл бала дүниеге келді.

 Өскеменде алып бала дүниеге келді
Фото: pixabay

Алып баланың кіндігі қаладағы Ана мен бала орталығында кесілді. Анасы Айнұр Аңғыбаеваны жүктіліктің барлық кезеңінде әйелдер консультациясы мен босандыру бөлімшесінің мамандары бақылап отырған.

Шақалақтың салмағы - 5035. Бұл сирек кездесетін жағдай. Баланың дені сау. Анасы кесарь тілігі арқылы босанды.

- Айнұрдың бұл екінші баласы. Тұңғышын 2022 жылы туған. Ол да алып бала болды. Салмағы - 5058 келі. Осындай нәрестені босандыру - бұл әрдайым дәрігерлер тарапынан жоғары бақылау мен кәсібилікті талап етеді. Бұл жағдайда ақ халаттылардың үйлесімді жұмысының және ананың зор рухының арқасында бәрі ойдағыдай өтті, - дейді босандыру бөлімінің меңгерушісі Салтанат Серікқанқызы.

Қазір ана мен баланың жағдай жақсы.

- Барлық медицина қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Дені сау батыр дүниеге келді. Қуанышымда шек жоқ!, - дейді Айнұр Аңғыбаева.

Еске салсақ, бұған дейін Тарбағатайда алып қыз бала дүниеге келген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар