Өскеменде әскерге шақырылатын 700-ден астам жігіт іздеуде жүр
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде әскери есепте 12 мың адам бар. Оның үш мыңы әскерге шақырылуға жатады. Бірақ қазір әскерге шақырылатын 736 жігіт іздеуде жүр.
«Былтыр күзде жоспар бойынша 175 адам әскерге аттану керек болатын. Алайда 123 адам ғана шақырылды. Қазақстанның басқа ірі қалаларымен салыстырғанда Өскеменнің рейтингісі төмен», - делінген ақпаратта.
Әскерге шақыру жоспарының орындалмау себептері – әскерге шақырылушыларды хабардар ету жұмыстарының жеткіліксіз деңгейде жүргізілуі. Өйткені хабарлаумен айналысатын мамандар тапшы.