Өскеменде әскерилер самбодан сайысты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысының әскерилері Өскеменде самбодан өткен сайыста бақ сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде әскерилер самбодан сайысты

Облыс орталығындағы №5518 әскери бөлімде өткен сайысқа Өскемен, Семей, Курчатов және Павлодар қаласының әскери бөлім  сарбаздары сынға түсті. Жарысқа қатысқан 49 үміткердің 21-і спорт разраяды нормативтерін орындаған.

«Әсіресе Өскемен, Курчатов және Павлолдар қаласының құрама командасы жақсы нәтижелер көрсетті. Куочатов қаласының №3514 әскери бөлімінің командасы сайыстың ең биік сатысына көтерілді. Екінші орынды Павлодар қаласының №6679 бөлімі жеңіп алса, үшінші орын Өскеменнің №6699 әскери бөліміне бұйырды. Бұдаг былай жарыс жыл сайын өтетін болады.  Мұнда жеңімпаз атанғандар республикалық біріншілікке жолдама алып отырады» - дейді Шығыс өңірлік қолбасшылығының  физикалық дайындық және спорт басшысы Бауыржан Дәрібаев.

null null null null null