Өскеменде ауруханада жатқан науқас терезеден секіріп көз жұмды

Суицид
Фото: Pexels

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында ауруханада алтыншы қабаттағы терезеден секіріп кеткен науқас қаза болды.

Оқиға бүгін № 4 қалалық ауруханада болды. 56 жастағы азамат алтыншы қабаттағы бөлменің терезесінен секіріп кеткен. 

«Науқас психомоторлы қозу жағдайында болған. Қасындағы медбике ер адамды ұстай алмай қалды. Құлап кеткен ол сол жерде көз жұмды» деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Пациент тыныс алу жолдарының ауруымен жансақтау бөліміне түскен.

Осы жағдайға байланысты медициналық мекеме басшылығы қызметтік тексеру жүргізді. 

«Соның қорытындысында медицина қызметкерлерінің жұмысында ешқандай бұзушылық болмағаны анықталды. Қазіргі уақытта сондағы пациенттермен және аурухананың еңбек ұжымымен психолог жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтап жатыр» делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар