Өскеменде автобуста пневматикалық баллон жарылған соң қоғамдық көліктер ауыстырылмақ

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемендегі аялдамалардың бірінде Volvo маркалы автобустың пневматикалық баллоны жарылған оқиғадан соң қоғамдық көліктерді ауыстыру туралы шешім қабылданды.

В Усть-Каменогорске заменят автобусы после инцидента с пострадавшей
Фото: Видеодан скрин

Жарылған пневматикалық баллон сынықтарынан автобус күтіп тұрған 63 жастағы әйел жарақат алған болатын. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ол бірден медициналық мекемеге жеткізілген.

— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — делінген ақпаратта.

Қала әкімі Алмат Ақышов осы оқиғадан соң тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

— Осы бағытта жүретін автобустар ауыстырылады. Бұл жайлылық үшін ғана емес, жолаушылардың қауіпсіздігіне де қатысты екенін түсініп отырмыз, — деді ол.

Еске салсақ, Өскеменде пойыз бен автобус соқтығыса жаздағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар