Өскеменде АвтоХҚО маңындағы ғимарат өртеніп, орталық жұмысын тоқтатты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығы маңындағы ғимарат отқа оранып, орталық жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Видеодан алынған кадр

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 маусымда Өскемендегі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының маңындағы ғимаратта өрт болған.

Қойма және ғимарат шатырының ағаш құрылымдары өртенді. Оқиға куәгерлері өз беттерімен отты сөндіре бастады.

Бірақ қатты жел қызыл жалынды одан сайын өршіте түсті. Өртті сөндіре алмайтынын білген соң олар кәсіби мамандарды шақырған. Өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл келіп жетті.

Ал АвтоХҚО клиенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін жұмысын тоқтатты.

«Жалпы ауданы 100 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 33 адам және 10 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.

Бірақ қатты жел қызыл жалынды одан сайын өршіте түсті. Өртті сөндіре алмайтынын білген соң олар кәсіби мамандарды шақырған.

Өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл келіп жетті.

«Жалпы ауданы 100 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 33 адам және 10 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар