Өскеменде азық-түлік павильоны өртенді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы азық-түлік павильоны отқа оранған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 30 наурыз күні Ватутина көшесінде болған.
«Сағат 14:30 шамасында жаңадан салынып жатқан азық-түлік павильонының шатырын қызыл жалын шарпыды. Тілсіз жау жалмаған жердің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құраған. Өрттің шығу себебі жұмыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.