Өскеменде бесқабатты үйдің шатыры отқа оранды: 45 адам эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында шатыры өртенген көпқабатты үйден 45 адам эвакуацияланды. 

Өскеменде бесқабатты үйдің шатыры отқа оранды: 45 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 шілде күні түскі уақытта Назарбаев көшесіндегі 5 қабатты үйдің үйдің шатырында өрт шықты. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.

— Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан З9 адам және 14 техника жұмылдырылды. Үйден барлығы 45 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Зардап шеккен ешкім жоқ, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тұрғын үйдегі өртті сөндіру үшін автоматты иінді көтергіш жұмылдырылды. Соның көмегімен өрт сөндірушілерге су үздіксіз беріліп отырды.

Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада үш қабатты ғимарат өртке оранғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум