Өскеменде бір күнде 130-ға жуық адам онколог мамандарға тегін қаралды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бір күнде 130-ға жуық адам онколог мамандарға тегін қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында колоректальдік қатерлі ісік және жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтауға байланысты Ашық есік күні өтті. Келушілер тегін әрі жолдамасыз онколог мамандарға қаралып, кеңес алды.

Шара барысында орталыққа келген 130-ға жуық адамға медициналық көмек көрсетілді. Оның ішінде 13 азаматтан қатерлі ісік қаупі, 40-тан астам тұрғыннан басқа да аурулар тіркелді.

«Осы шараға қатысу үшін арнайы келдім. Дәрігерлер мені мұқият қарап, өз кеңестерін берді. Әйел адам өз денсаулығына әрқашан көңіл бөлуі керек. Оның үстіне еш жолдамасыз білікті маманға қаралу өте ыңғайлы», - дейді қала тұрғыны Салтанат Сембинова.

Айта кетейік, елімізде МӘМС аясында жатыр мойны обырын анықтауға бағытталған скринингтік бағдарламалар бар. 50 мен 70 жас аралығындағы азаматтар тоқ ішек обырына қатысты скринингтік тексерулерді тұрғылықты мекенжайы бойынша емханалардан өте алады.



Соңғы жаңалықтар