Өскеменде «Бір өзен – бір тағдыр» атты халықаралық экологиялық акция өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында «Бір өзен – бір тағдыр» атты халықаралық экологиялық акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бір өзен – бір тағдыр» халықаралық акциясы Зайсан ауданында басталған болатын. Шараға Ертіс өзені ағып өтетін аудандар қатысады.

«Қазіргі таңда Павлодар облысы және Ресей Федерациясындағы әріптестерімізбен келіссөздер жүргізілуде. Бүгін Өскемендегі Ертіс өзенінің бойын қоқыстан тазарттық. Қала тұрғындарын осындай игі акцияға қатысуға шақырамыз», - деді облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Арайлым Есімбекова.

Акция аясында су қоймасының жағалауы жиналған қоқыстан тазартылды. Өкінішке қарай, жағажайда демалушылардың көбі қоқысты шашып кетіп қалады.

«Тазалау жұмыстарын жүргізу барысында демалушылардың қоқыстарын бейберекет лақтырып кете беретіндіктерін байқадық. Осыған орай Өскемен қаласының мәслихат депутаттары тиісті шара қолдануды ойластыруда. Яғни, табиғат аясында қалдықтарды шашқан адамдарға айыппұл салу мәселесі қаралып жатыр», - дейді Арайлым Есімбекова.


Соңғы жаңалықтар