Өскеменде биыл 1400-ге жуық «Сергек» камерасы орнатылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы «Сергек» камералары жыл басынан бері 11 мыңнан астам бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде биыл 1400-ге жуық «Сергек» камерасы орнатылады

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің камералары Өскеменде 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Қазіргі уақытта шаһар бойынша 4 мыңға жуық камера орнатылған.

Осы жылы тағы 1400-ге жуық камера қойылмақ.

«Жыл басынан бері жүйеде жалпы сомасы 95 504 540 теңгені құрайтын 11 191 бұзушылық тіркелді. Ал 2021 жылы 1 млрд 200 млн теңгеге жуық 119 634 бұзушылық анықталған. Өндірілген айыппұл мөлшері – 867 867 719 теңгені құрап отыр», - делінген ақпаратта.