Өскеменде биыл 22 мектеп жөндеуден өтеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында осы жылы 22 мектеп жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде биыл 22 мектеп жөндеуден өтеді

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл Өскемендегі бірқатар білім ордасында жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

«2022 жылы №2, 33 және 34 мектептері күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар 19 білім беру ұйымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - делінген ақпаратта.

Осы жылы шаһарда студенттерге арналған екі жатақхана салынып бітеді.

Атап айтқанда, 246 орындық біреуі құрылыс колледжінің студенттеріне, 224 орындық екіншісі көпсалалы технология колледжінің студенттеріне беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде биыл 266 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетіні хабарланған.