Өскеменде бүгіннен трамвайлар қайта жүре бастады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында бірнеше күн бойы тоқтап тұрған трамвайлар қайта қатынай бастады.

Теміратау
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қала бойынша 15 тамызда барлық трамвай тоқтады. «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, бұған трамвай паркінің кіреберісі мен шығаберісіндегі рельстерді ауыстыру жұмыстарының жүргізілу себеп болды. 

— Қазір жұмыстар толық аяқталды. 20 тамыз таңертеңнен бастап трамвайлар қайтадан рельске шықты, — делінген ақпаратта.

Алайда әлі Мызы мен Қазақстан көшелерінің қиылысындағы рельсті де ауыстыру қажет. Сол кезде тағы қозғалыс тоқтайды. Әзірге ол жұмыстардың нақты қашан басталатыны белгісіз.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен қаласында трамвай қозғалысы бірнеше күнге тоқтайтыны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум