Өскеменде домбыра party өтеді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы домбыра party ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюске сілтеме жасап.
Кітапхана мамандарының айтуынша, сайыс 4 шілде күні Жамбыл саябағында өтеді.
«Домбыра – қазақ халқының бай рухани тарихы мен дәстүрінің символы. Өскелең ұрпақ өз елінің патриоты болуға және өз халқының дәстүрін мақтанышпен жалғауға тиіс», – деп пікір білдірді облыстық кітапхананың қызметкерлері.
Музыкалық party сағат 17:00-де басталады.