Өскеменде экопатруль құрылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде экологиялық қауіпсіздік орталығында (ЭҚО) экологиялық патруль құрылды. Кез келген қала тұрғыны экологиялық бұзушылықты байқаған жағдайда, оны суретке түсіріп, жіберуі үшін WhatsApp нөмірі белгіленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Енді әрбір қала тұрғыны өзі байқаған экологиялық бұзушылық туралы хабарламаны тікелей мамандарға жібере алады.

Оларға қоқыс тастайтын жерлер, ағаштарды кескенде шығатын қоқындылар, түтіні бұрқыраған автокөліктер, кәсіпорындар мен ұйымдардың түрлі шығарындылары - зиянды заттардың ауаға шығарылуы, сулардағы қалдықты заттар және т.б. жатады.

Сонымен қатар, экологтар қала тұрғындарының байқаған бұзушылықтарының нақты мекенжайы және қай  уақытта анықталғаны туралы хабарлауды сұрайды. «Аса қауіпті жағдайда бақылаушы органдардың сол мекемеге өтініштің негізінде тексеріс жүргізуі үшін бұзушылықты байқаған адамның байланыс мәліметтері, мекенжайы мен толық аты-жөні қажет болады», - деді ЭҚО маманы Елена Полянцева. 

Соңғы жаңалықтар