Өскеменде электрлік кептіргіштің кесірінен тоғыз қабатты үйде өрт шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде электрлік кептіргіш тоғыз қабатты үйдегі өртке себепкер болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД Өрт сөндіру есептоптары таңғы сағат 4 шамасында бесінші қабаттағы үйлердің бірінде болған өртке дереу жіберілді.
Бірінші кезекте өрт сөндірушілер түтін аймағынан 19 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді.
Өртті жоюға барлығы 35 адам және 10 техника жұмылдырылды.
Алдын-ала болжам бойынша өрттің себебі - көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіш.