Өскеменде ер адам оқ жарақатынан қайтыс болды

Өскеменде ер адам оқ жарақатынан қайтыс болды
Фото: ШҚО Полиция департаменті

ШҚО полицейлері облыс орталығында оқ атқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Kazinform ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

13 қаңтар күні облыс орталығының «102» арнасына дабылды қоңырау түскен. Қоңырау шалушы кіреберістердің бірінің жанында ер адамның қанға боялып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келген бойда мәйіт табылды. Болжам бойынша ер адам оқ жарақатынан қайтыс болған.

Бұл фактіге дереу патрульдік бөлімшелер жедел ден қойып, 10 минуттың ішінде 26 жастағы күдікті ұсталды.

«Аталған факті бойынша кісі өлтіру (ҚР ҚК 99) бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram