Өскеменде ер адамды көлік қағып, мерт қылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында Сәтбаев даңғылымен келе жатқан жүргізуші көлікке жанармай құю стансасының жанында 61 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өскеменде ер адамды көлік қағып, мерт қылды

«Жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде полицейлер жол апаты орнынан қашып кеткен жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.  «Volkswagen» маркалы көліктің жүргізушісіне қатысты жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан қашып кету фактісі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады ШҚО полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.