Өскеменде ертеңнен бастап трамвай жүрмейді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында ертеңнен бастап трамвай қатынамайды.
«Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, 14 маусымда қала бойынша трамвай қозғалысы тоқтайды. Бұған рельс ауыстыру жұмыстарының жүргізілуі себеп болып отыр.
«Трамвайлар 17 маусымға дейін қатынамайды. Тұрғындардан түсіністік танытуын сұраймыз», — делінген хабарламада.
Трамвай бүгін сағат 21:35–ке дейін жүреді.
Еске салсақ, осы жылдың сәуір айында Өскемен қаласында жүріп келе жатқан трамвай өртенген еді.
Оттың шығуына — қаупі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу себеп болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.