Өскеменде ертеңнен бастап трамвайлар түгелдей кондукторсыз қатынайды
Өскемен қаласында желтоқсан айынан бастап трамвайлар түгелдей кондукторсыз жүреді, деп хабарлайды Kazinform.
«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, 1 желтоқсаннан бастап трамвайларда кандукторлар болмайды.
«Трамвай жолаушылары жол ақысын QR-кодпен, картамен валидатор арқылы немесе жолақысын жүргізушіге қолма-қол беріп төлей алады. Талдау барысында белгілі болғандай, соңғы алты айда жолаушылардың 51%-ы ақыны Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеген. Ал 32-35%-ы картамен валидатор арқылы төлесе, 15-17%-ы қолма-қол ақша берді», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ бақылау жүргізу үшін контроллерлер күн сайын желіде жұмыс істейді. Жол ақысын төлемегендерге заң шеңберінде айыппұл салынады.