Өскеменде ертеңнен бастап трамвайлар жүрмейді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында трамвайлар 3 күнге тоқтайды.

трамвай
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

25 сәуірден бастап қаладағы рельстерді жөндеу жұмыстарына байланысты трамвай қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС-дан хабарлады.

- Үлбі көпірінен шығатын жолдардағы трамвай рельстерін ауыстыру жұмыстарына байланысты 25 сәуір сағат 19:00-ден 27 сәуірге дейін трамвайлар жүрмейді. Тұрғындардан түсіністік танытуларын сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бүгінде Өскеменде 23 трамвай бар. Үш бағыт бойынша қатынайтын трамвайлар күн сайын 9 мыңға жуық адамды тасымалдайды.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде 80-нен асқан қарттар трамвайда қайта тегін жүретін болғаны жайлы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар