Өскеменде есірткі ісі бойынша 20 жастағы күдікті қамалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскеменде интернет-дүкен арқылы есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы азамат ұсталды 

Өскеменде есірткі ісі бойынша 20 жастағы күдікті қамалды
Фото: polisia.kz

Ол есірткі заттарын өлшеп, арнайы түйіншектерге бөліп, буып-түюмен айналысқан. Басқа облыстың тұрғыны интернеттен оңай табыс табу туралы хабарландыру арқылы заңсыз жұмысқа тартылған.

Өскеменде есірткі ісі бойынша 20 жастағы күдікті қамалды
Фото: polisia.kz

Атқарған жұмысы үшін оған криптовалютамен ақы төленген. Күдікті «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған 350 түйіншек табылған. Сондай-ақ есірткі буып-түйілген жалдамалы пәтерден тағы 28 түйіншек пен екі ыдысқа салынған зат тәркіленді. 

Өскеменде есірткі ісі бойынша 20 жастағы күдікті қамалды
Фото: polisia.kz

Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың α-PVP психотроптық заты екені анықталды. Оның жалпы салмағы 635 грамды құрады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетелік Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді.