Өскеменде есірткі саудасымен айналысқан ер адамнан 5000-нан астам доза тәркіленді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында есірткі жеткізудің ірі арнасының жолы кесілді.

Тәртіп сақшылары каннабис тобына жататын есірткі құралдарының ірі жеткізу арнасын ұйымдастырған Өскемен тұрғынын ұстады.
- Ер адамның қала аумағында тыйым салынған заттарды сатумен айналысқаны белгілі болды. Жедел-іздестіру шаралары барысында одан 20 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Бұл 5000-нан астам бірреттік дозаға тең, - делінген облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Осы ретте, құқық қорғау органдары азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген мәлімет туралы дереу хабарлауға шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін БҚО-да ауыл тұрғыны үйінде есірткі зертханасын жасағаны хабарланған.