Өскеменде инвестициялық форум өтеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде «Бизнеске арналған 50 нақты ұсыныс» инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Қаладағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шараны 30 қазан күні өткізу жоспарланған. Форумға республика көлеміндегі кәсіпкерлер шақырылды. Жиын үш секция бойынша жүреді:

1. «Ауылшаруашылық және коммерциялық бағыттағы жер телімдері»

2. «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары мен сенімді басқару»

3. «Қаладағы индустриалдық аймақтарды дамыту»

Өскемен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта форумға қатысуға 30 өтініш келіп түскен.

– Ел көлемінде жалпы саны 200 шақыру тараттық. Әзірше 30 кәсіпкерден нақты өтініші түсті. Олардың дені облыстағы бизнес өкілдері, – дейді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Арман Мұқтарқанұлы.

Шараны ұйымдастырушы тараптың айтуынша, кәсіпкерлерден өтініш қабылдау жалғаса береді.

– Негізінен осы уақытқа дейін форум туралы хабарды аймақтың түкпір-түкпіріне таратуға күш салдық. Алдағы апта ішінде республикаға жарнамалауды қолға аламыз. Өтініштер саны көбейетініне сенімдімін, – дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсынбет.

Соңғы жаңалықтар