Өскеменде тәтті сақталған алып қойма өртенді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскеменде ірі қойма өртенді. 1500 шаршы метрді шарпыған жалынды ауыздықтауға пойыз тартылған. 

өрт
Фото: видеодан кадр

Бүгін Қазақстанның шығысында өрт сөндірушілер ангар үлгісіндегі қоймадағы өртпен арпалысты.

Алдын ала мәлімет бойынша, Өскемен қаласында кондитерлік өнімдер жанған.

өрт
Фото: видеодан кадр

Түнгі 12-ден өткенде ғана тілсіз жауды өшіру мүмкін болды. 

Оны ауыздықтауға ШҚО төтенше жағдайлар департаментінен 16 техника, 40-тан астам адам, сондай-ақ Қазақстан темір жолының өрт сөндіруші пойызы жұмылдырылған.  

ШҚО ТЖ департаментінің бастығы Рашид Бляловтың айтуынша, ешкім зардап шекпеген.

өрт
Фото: ТЖМ

Өрттің алдын ала себебі — құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау. 

Соңғы жаңалықтар