Өскеменде қарттарды тонап келген жалған шенеунік ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде «жалған шенеунік», Зырян ауданында «жалған полицей» ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері «102» нөміріне алаяқтық туралы бірнеше шағым түскен.

Жедел іздестіру кезінде 34 жастағы өскемендік жігіттің егде адамдарға өзін әкімдік өкілі етіп таныстырғаны белгілі болды. Күдікті қарттардың сеніміне кіру арқылы ақшаларын алдап алып отырған. Аданған қариялар жалпы жиыны 300 мың теңге шығын шеккен. 

Өскемен ішкі істер басқармасының қызметкерлері осы іске қатысты тергеу жүргізуде. Күдіктінің осыған ұқсас өзге де істерге қатыстылығы тексерілуде. 

Ал Зырян ауданының тұрғыны жұртқа өзін құқық қорғау саласының өкілі ретінде таныстырған. 29 жастағы жігіт профилактикалық жұмыс жүргізген полицейдің кейпінде бірнеше пәтерге кіріп, ақша ұрлап отырған.

«Тексеру барысында «жалған сақшының» қулығына түскен 10 пәтердің иесі анықталды. Жалпы шығын - 80 мың теңге. Зырян аудандық ішкі істер бөлімі оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар