Өскеменде қатты желден көпқабатты үйдің қасбеті опырылып түсті

None
Фото: «Таза Өскемен» КМК
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қатты желден көпқабатты үйдің қасбеті опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешелі бері Өскеменде қатты жел соғып тұр.

Оның салдарынан Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы Есенберлин көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің қасбеті опырылып түсті.

Одан бөлек, ағаштар құлап, көліктерге зақым келуде. Коммуникация желілері үзіліп, аялдама павильондары да бұзылуда.


«Таза Өскемен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның мәліметіне сүйенсек, қазір қала бойынша қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Мамандар құлаған ағаштарды алып, аялдамаларды жөндеу үстінде. Қазіргі уақытта Әл-Фараби даңғылындағы желмен ұшып түскен аялдама павильоны бөлшектеліп, алынып тасталды. Осы ретте, тұрғындарға көшеде барынша абай болуға шақырамыз. Жүргізушілер көліктерін ағаштардың қасына қоймаған дұрыс», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар