Өскеменде кәуап сататын барлық орындар тексеріліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың өткен бес айында облыстағы қоғамдық тамақтандыру нысандарына келуші тұрғындардан түскен шағым бойынша қалалар мен аудан орталықтарындағы 24 тамақтандыру нысаны тексерілген Altaynews.kz .
None
None

Ыдыстарының шала жуылғандығына, тамақ сапасының нашарлығына, нысан ішінің тиісті гигиеналық талаптарға сай болмауына байланысты тұрғындар шағымданған бұл қоғамдық нысандардың көбісі Семей мен Өскемен қалаларында халыққа қызмет көрсетіп жатыр.
Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары тұрғындардың шағымы бойынша тексерген осы 24 нысанның 7-інен бұзушылықты анықтап, оларға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 7 хаттама толтырып, айыппұл салған.
Сонымен қатар Өскемен қалалық прокуратурасының ұсынуымен биыл облыс орталығындағы 11 кәуап жасау нысандарына тексеру жүргізіліп, оның 10-ында бұзушылық анықталып, айыппұл салу түрінде әкімшілік шаралар қолданылған. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен бөлімдерінің мамандары тұрғындардың арыздары бойынша кәуапханалар қызметіне жүргізген тексерулері кезінде кәуапханаларда пайдаланылып жатқан азық түліктердің мерзімі өтіп кеткендігі, тағамдардың сапасы туралы анықтамалық құжаттардың жоқтығы, онда жұмыс істеп жатқандарда тазалық медициналық кітапшасының болмауы тәрізді түрлі бұзушылықтар тіркелгендігін айтады.

Соңғы жаңалықтар