Өскеменде «Қазцинк» ЖШС-де өрт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде «Қазцинк» ЖШС-нің мыс балқыту зауытында өрт болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінен хабарлады.

Өскеменде «Қазцинк» ЖШС-де өрт болды

Алдын ала мәліметке сәйкес, мыс балқыту зауытының аумағында бункерлер ішіндегі жеңдік сүзгілер жанған. Тілсіз жаудың шарпыған аумағы және оның шығу себебі анықталу үстінде.