Өскеменде келер жылы 5 «SOS дабыл» батырмасы орнатылады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 2023 жылы 5 «SOS дабыл» батырмасы орнатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда Өскеменде бес «SOS дабыл» батырмасы бар. Олар Защита шағын ауданында, Металлургтар мәдениет үйі маңайында, Виноградов және Грузинская көшелерінің қиылысында, «Заречный» базары мен Қабанбай батыр көшесінде «Koton» сауда үйінің жанында тұр.
«Жыл басынан бері осы батырмалар арқылы 10 азамат полицияға хабарласты. Оның ішіндегі 6-ы бейнеқоңырау, 4-і аудио формат арқылы. Барлық арыз-шағым бойынша тиісті шара қабылданды», - делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, 2023 жылы қала бойынша тағы бес «SOS дабыл» батырмасын орнату көзделіп отыр.